Аймақтар • 26 Қараша, 2017

Павлодарда  28 тұрғын үй ыстық сусыз қалды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы орталығындағы су құбырлары бойында апат орын алды, деп хабарлайды egemen.kz тілшісі.

Павлодарда  28 тұрғын үй ыстық сусыз қалды

Қазір   1 Мамыр, Торайғыров,  Крупская көшелеріндегі тұрғын үйлерді  ыстық суға қосу үшін апаттық бригадалар күні-түні жұмыс жасауда.  Қалалық әкімдіктің хабарынша, апаттың неден орын алғаны анықталыпты. Жеке нысанға  кәріз жүйесін тартпақ болған жеке кәсіпкердің  әрекетінен соң  диаметрі 600 мм. су құбыры магистралі зақымданған.

Енді осы аралыққа ұзындығы 9 метр құбыр жаңадан салынуда. Мамандар тәулік бойы краннан аққан суды ішуге, тамаққа қолдануға болмайтынын ескертуде. Тұрғын үйлерге ауыз су жеткізілуде.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»,

Павлодар